Новости

Previous Next

Алматы облысында мотоцикл спортынан «Жетісу Тур-Эндуро – 2019» ҚР Кубогы өтеді.

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

24 тамызда Текелі қаласында мотоцикл спорты бойынша «Жетісу Тур-Эндуро 2019», «Шектеуде» ҚР Кубогын өткізу жаспарланып отыр. HILL CLIMB (тауға өрмелеу) бойынша. Бұл туралы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз брифингінде белгілі болды.

Жарсты ұйымдастырушы Александр Артющенконың айтуынша, Эндуро алтыншы рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы жылдың ерекшелігі – Қазақстанда бұрын-соңды өткізілмеген «Ниллге өрмелеу» бойынша жарыс өтпек.

Бүгінгі таңда барлығы 25 өтініш келіп түсті. Қатысушылар «Нill climb» мәнерін алғаш ашушылармыз деген ниетпен өтініш беріп жатыр. «Жарыс екі кезеңнен тұрады. Біріншісі 5 жастан бастап, екіншісі 16 жастан асқан балаларға арналған. Біздің басты мақсатымыз – халықтың күнделікті өміріне мото-туризмді енгізу, әуесқойлар арасында мото-туризмді насихаттау»,- деді ол.

Бұдан бөлек, Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Бақытжан Оразбаевтың айтуынша, бұл спорттық шара аймаққа туристер ағынын әкеледі. «Біздің мақсатымыз – Алматы облысының туристік имиджін қалыптастыру, қатысушылар мен қонақтарды біздің өңірмен таныстыру. Бұл шара шабандоздарды, олардың достарын, туыстарын және жанкүйерлерді жинайды», - деді ол.

Айта кетейік, кез-келген адам жарысқа тіркелу және қатысу туралы барлық ақпаратты келесі нөмірлерден ала алады: +7 (705) 448 80 22 – Александар Артющенко («ADVENTURE LIVE»),  +7 (707) 437 88 91 - Мырзагулов Рауан (Менеджмент) туризм). Ұйымдастырушылар қиын және қызықты жарыста бақ сынағысы келетіндердің бәрін, сондай-ақ жанкүйерлерді 24 тамызда Текелі қаласында күтеді.