Новости

Previous Next

Алматы облысында тұңғыш рет арба бәйгесі ұйымдастырылды

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Алматы облысы, Кеген ауданындағы Қарқара жайлауында  арбас бәйгесі басталды. Байқау Тұңғыш Президентіміздің  "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы аясында ұйымдастырылған. Он бес күнге созылатын шараға Үндістан, Қытай, Өзбекстан және Қазақстан сияқты халықаралық университеттің білімгерлері қатысып, екі дөңгелекті ат арбамен жарысқа түседі. Сондай-ақ, жарыс барысында командалар лагерлерді өз бетінше орнатып, онда нағыз көшпенділердің тұрмысын ұйымдастырады.

-Байқау мақсаты -Қазақстанда жастарға арналған жаңа ұлттық спорттық, туристік және мәдени хобби құру. Ұлы Жібек жолының керуен стиліндегі қазақтардың ежелгі көшпелі технологияларын пайдалана отырып, Алматы облысының табиғатына саяхат жасау. Сонымен қатар, қазіргі жастардың интеллектуалды, көшбасшылық және командалық қасиеттерін көрсету мен Жібек жолы елдерінің студенттері арасындағы мәдени алмасу»,-деді Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Әлиұлы.

Айта кетейік, екі сайыс түрінен өтетін командалық жарыстың қорытындысы 25-ші қыркүйек күні анықталып, жеңімпаздар арнайы кубокқа ие болады.