Новости

Previous Next

ТЖ кезінде микроқаржы ұйымдары жұмысын жалғастырады

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна
 

Алматы облысы бойынша мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Қайрат Қажыманұлы тағы да қаулы шығарды.

Бұл туралы  «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз – мәслихатында белгілі болды.

Облыс аумағына коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ Алматы облысы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау үшін, "азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚР Заңына, "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес қаулы қабылданған. Жаңа қаулы  10  негізгі пунктен тұрады.

 Төтенше жағдай түптеп келгенде кәсіп иелерін әуреге салғаны анық. Дерттің өршуіне жол бермеу үшін жауаптылар бірқатар нысандардың жұмысын уақытша тоқтатқаны баршаға мәлім.

Ал, елдегі жағдайға қарамастан кімдерге қызмет етуге рұқсат етілгендігі қызу талқыға түсіп жатыр. №5 қаулы да қандай нысандардың жұмысын жалғастыратыны  5.1 пункте көрсетілген.

Басты құжатта жазылғандай:

- Медициналық ұйымдар, оның ішінде тіс емханалары.

- Өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар.

- Ауыл шаруашылығы, құрылыс және жол жұмыстарын жүргізушілер.

- Дәріханалар, оның ішінде мал дәрігерлік және азық-түлік дүкендері жұмысы әдеттегі режимде жалғасады.

- Алдын ала тапсырыс бойынша  тауар сататын көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін сату орны.

- Тұқымдарды, көшеттерді, минералдық тыңайтқыштарды тапсырыс арқылы сатқан жағдайда.

- Ресми тіркелген такси  қызметтері.

- Елді-мекен ішіндегі қоғамдық көлік.

- Уақытша сақтау қоймалары.

- Құрылыс материалдарын көтерме бағада сататын  сауда нысандары.

- Жанармай құю бекеттері.

- Микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар.

- Жеке орналасқан техникалық қызмет көрсету орындары.

- Жерлеу қызметін көрсететін ұйымдар өз жұмысын жалғастыра алады.

Сондай- ақ, құжаттың 5.2 пунктінде шектеу шаралары кезінде жұмыс істейтін объектілерге санитариялық және дезинфекциялық режимді сақтау қажет делінген.

·        Ғимарат ішіне  қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату.

·        Барлық қызметкерлер бір рет қолданылатын бетперделер мен қолғаптарды пайдалану керек.

·        Үстелдердің, сөрелердің, орындықтардың, баспалдақтардың тұтқаларын, едендерді күніне кемінде 3 рет өңдеу қажет.

·        Келушілердің бетпердесіз  кіруіне жол бермеу.

·        Келушілермен ара қашықтықты кемінде 2 метр сақтау керектігі қатаң ескертілген.

Айта кету керек, жаңа қаулы  8 сәуір күні,  сағат 8:00-ден бастап күшіне енеді.