Новости

Previous Next

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Биыл Жетісу облысында дала өрті тіркелмеген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

 

Өрт тіркелмесе де, елді мекендерден тыс 65 га жерде құрғақ шөп өртенген. 40  жағдай ТЖД күшімен сөндірілген. Сонымен қатар, шілдеде Алакөл ауданы, Ақжар Қоңыр ауылдарының арасында орналасқан «Жазылбеков и К» ШҚ аумағында 5 Га ауданда арпа алқабы және 20 Га ауданда қураған шөп өртенген.

 

Жалпы, маусым басталғалы мобильді жұмыс тобы 513 рет рейдке шығып, түсіндірме жұмысын жүргізген. Сонымен қатар Жетісу облысының облыс аумағында 135 адам қоғамдық бірлестіктерде, аудандық құрылымдарда өртке қарсы қызмет етіп келді.

 

«Халыққа өрт қауіпсіздігінің ережелерін жеткізу тікелей байланыс арқылы да жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы өндірушілерімен 5987 азаматты қамти отырып,312 жиын ұйымдастырылды, 9333 азаматтың қатысуымен 459 нұсқама өткізілді, 767 азаматтың қатысуымен 58 дөңгелек үстел өткізілді. Департаментпен күнделікті рейдтік іс-шаралармен қатар демалыс және мереке күндері жергілікті атқарушы органдарды, орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлерін, волонтерлік ұйымдарды тарта отырып, халықтың демалыс орындарында кең ауқымды акциялар ұйымдастырылмақ», - деп Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Азаматов Дәурен Саматұлы.

 

Брифингте суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік жайлы да айтылды. Маусым басталғалы қызметкерлердің ұйымдастырумен 23900 патрульдеу мен рейд ұйымдастырған. Барысында 23062 дана үгіт-насихат  парақашалары таратылған. Түсіндірме жұмыстарына қарамастан, су айдындарында адамдардың қаза болу фактілері орын алып жатыр.  Жыл басынан өңірде 2 адам  қаза тапқан.

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

 

Өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен баспасөз-маслихатында  Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асырудың жарты жылдық қорытындыларымен бөлісті.

 

Бірінші жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Алматы және Жетісу  облысы бойынша Қордың филиалымен 83 медициналық мекеме шарт жасасты. Оның ішінде мемлекеттік– 47 және жеке меншік - 36. Бұл тұрғындарға ең жақсы клиниканы таңдауға мүмкіндік береді. Алматы облысы бойынша медициналық қызметтерді көрсететін мекемелер тізімі Қордың сайтында орналастырылған – Fms.kz.

 

«2022 жылға нақтыланған бюджет жоспарына сәйкес облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге, КВИ-ні қоспағанда, 162,4 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде тегін медициналық кепілдендірілген көмек көрсету пакеті аясында – 97,3 млрд теңге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде – 65,1 млрд. теңге. Өткен жылмен салыстырғанда бюджет 119,4% -ға ұлғайды»,- деді Нұрлан Отарғалиев.

 

Халықты аса толғандыратын мәселелердің бірі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы айтатын болсақ, амбулаториялық–емханалық көмек бойынша препараттарды сатып алуға 16,2 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде ТМККК шеңберінде – 12,8 млрд. теңге және МӘМС шеңберінде – 3,4 млрд. теңге көзделген.

 

Айта кетсек, бүгінгі таңда МӘМС жүйесімен қамту бойынша жұмыс үздіксіз жүргізілуде, жарты жылдың қорытындысы бойынша екі өңірде 1 705 051 адам немесе халықтың 78,6%-ы медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған. МӘМС-ке төлем жасау барлығы үшін міндетті болып саналатынына қарамастан, Алматы және Жетісу облыстарында 462 257 адам (21,33%) әлі күнге дейін сақтандырылмаған.

 

«Тәжірибе көрсеткендей және өтініштерді талдау нәтижесінде жұмыс істемейтіндер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өткен кезең үшін жарна төлеуге қызығушылық танытпайды. Сол себепті олар үшін МӘМС жүйесіне қатысудың баламалы нұсқасы әзірленді. Ол сақтандыру мәртебесін алу үшін алдын ала 12 айға төлем жасауға мүмкіндік береді. 2022 жылғы шілдеде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына тиісті толықтырулар мен өзгерістер бекітілді. Ол қыркүйек айының басында күшіне енеді. Біздің ойымызша, бұл халықты медициналық сақтандыру жүйесіне көптеп тартуға ықпал етеді»,- деп атап өтті Қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев.

 

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

 Стали известны итоги первого полугодия 2022 года по реализации ОСМС в Алматинской области. В ходе брифинга на площадке региональной службы коммуникаций директор филиала Фонда медицинского страхования по Алматинской области Нурлан Отаргалиев рассказал о проделанной работе за 6 месяцев текущего года.

Так, по итогам полугодия заключены договора с 83 поставщиками медуслуг. В том числе 47  государственных и 36 частных медорганизаций. Это возможности для пациента выбрать лучшую клинику. Списки поставщиков медслуг размещены на сайте фонда – Fms.kz.

 

«Согласно плану закупа, на 2022 год утвержденный бюджет без КВИ составляет 162,4 млрд тенге, рост по сравнению с бюджетом 2021 года составил 119,4%. В том числе в рамках ГОБМП- 97,3 млрд тенге - 116,8 %, в системе ОСМС-65,1 млрд тенге - 123,4%»,­- сообщил Нурлан Отаргалиев.

 

Что касается особо волнующего население вопроса по лекарственному обеспечению, здесь филиалом Фонда медстрахования на закуп препаратов по амбулаторно-поликлинической помощи предусмотрено 16,2 млрд тенге, из них в рамках ГОБМП – 12,8 млрд тенге и в пакете ОСМС – 3,4 млрд тенге.

 

К слову, на сегодняшний день по области участниками медицинского страхования является 1 705 051 человек или 78,6% населения. И несмотря на то, что медстрахование в Казахстане работает с 2020 года, а платежи на ОСМС являются обязательными для всех, в области 462 257 человек -21,33% населения до сих пор остаются незастрахованными.

          «Как показывает практика и анализ обращений, неработающие и самозанятые не заинтересованы в уплате взносов за прошедший период. Поэтому для них был разработан альтернативный вариант участия в системе ОСМС. Он позволяет производить оплату за 12 будущих месяцев для получения статуса застрахованного. Соответствующие дополнения и изменения в Закон РК «Об обязательном социальном медицинском страховании» были утверждены в июле 2022 года. Они вступят в силу в начале сентября и это поспособствует большему вовлечению населения к участию в системе медстрахования»,- подчеркнул директор филиала, Нурлан Отаргалиев.

 

Previous Next

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

 

 Биыл Алматы облысында 1446 науқас коронавирус ауруынан кейін 118,9 млн.теңгеден астам сомаға оңалтудан өткен. Науқастарға 15 медициналық ұйым көмек көрсеткен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

 

 

Өңірде COVID-19 таралуының алдын алу мақсатында бірінші жарты жылдыққа 3,2 млрд. теңге қаражат бөлінген. Коронавирустық инфекция постковидті асқынулармен ауыратындар үшін қауіпті. Қор елдегі оңалтуды, оның ішінде ковидтен кейінгі оңалтуды дамытуды барынша қолдайды. Себебі бұл қауіпті созылмалы ауруларды ерте анықтауға және алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Халықты толғандыратын мәселелердің енді дәрі-дәрмек. Биыл аймақта

амбулаториялық–емханалық көмек бойынша препараттарды сатып алуға 16,2 млрд. теңге қаржы бөлінген. Яғни, оның ТМККК шеңберінде – 12,8 млрд. теңге және МӘМС шеңберінде – 3,4 млрд. теңге көзделген.

 

 

Айта кетерлігі бірінші жарты жылдықта 1 705 051 адам медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандырылған. МӘМС-ке төлем жасау барлығы үшін міндетті болып саналатынына қарамастан, Алматы және Жетісу облыстарында 462 257 адам әлі күнге дейін денсаулығын сақтандырмаған.

 

 

«Бүгінгі таңда сақтандырылмағандардың 72,4%-ы соңғы 12 айда мүлде жарна төлемегені анықталды. Азаматтардың тағы 13,3%-ы – өз қызметін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша атқаратын тұлғалар. Қазір жарналарды төлеуді тоқтатқан, жалдамалы жұмысшы болғандардың үлесі 5%-ды құрайды. Дербес төлеушілердің үлесі – 1,7%, жеке кәсіпкерлер-2,4%, бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілердің саны 4,0%-ға тең. Бұл негізінен 38-44 жастағы адамдар. Олар бейресми жұмыс істейді және жарна төлемейді. Сондай-ақ жұмыспен қамту орталығына барып ресми тіркеле алатын жұмыссыздар да бар. Бұл жағдайда осы азаматтар жеңілдік санатына кіріп, олар үшін төлемдерді мемлекет аударады», - деп атап өтті әлеуметтік медициналық сақтандыру

қоры Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев.

 

Сондай-ақ,  дербес төлеушілер бұдан былай МӘМС жүйесінде алдын ала 12 айға төлем жасау арқылы сақтандыру мәртебесіне қол жеткізе алады.

 

Previous Next

Рейтинг:  0 / 5

Звезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активнаЗвезда не активна

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Кеген ауданының халқымен кездесті. Жұмыс сапарында аудандағы тұралап қалған мәселелерге тоқталып, әлеуетімен  танысты. Жалпы, облыс экономикасының дамуына Кеген ауданы да өз үлесін келеді. Мәселен, мемлекеттік бюджетке 2,0 млрд.теңге, жергілікті бюджетке – 1,0 млрд. теңге қаражат құйған.